Түркия ШЫҰ-ның Энергия клубы төрағалық міндетін қабылдады

Түркияның басшылық шешімі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында (ШЫҰ) дауыс көпшілігімен қабылданды.

616704
Түркия ШЫҰ-ның Энергия клубы төрағалық міндетін қабылдады

Түркия Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Энергия клубының 2017 жылы кезекті төрағалығын қабылдап алды. Түркияның басшылық шешімі дауыс көпшілігімен қабылданды.

Энергия клубында қазірге дейін мүше мемлекеттер ғана басшылық жасай алатын. Ұйым құрылған күннен бері тұңғыш рет мүше болмаған бір ел төрағалық міндетін атқарады.

Клубта ұйым мүшелерінен басқа серіктес елдер де орын алады. Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Иран, Ресей, Ауғанстан, Үндістан, Моғолстан, Пәкістан, Белоруссия және Шри-Ланка орын алған Энергия клубы 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Энергия клубында орын алған мемлекеттер әлемдік электр өндірісінің 36 пайызын, табиғи газ өндірісінің 23 пайызын, мұнай өндірісінің 20,8 пайызын, көмір өндірісінің болса 60,25 пайызын қамтамасыз етеді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстан сапарынан оралған кезде Еуроодақ батпағында қалмау керектігін, Түркияның Шанхай бестігіне мүшелікті де бағалау керектігіне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар