Бүгін –Мұғалімдер күні

Мемлекет басшылары Мұғалімдер күніне орай құттықтаулар жариялады.

616965
Бүгін –Мұғалімдер күні

Президент Режеп Тайып Ердоған құттықтауында Түркияның 2023 нысандарының тек қана саналы, тәжірибелі, отандық және рухани құндылықтар сіңген ұрпақтармен жүзеге аса алатынын атап көрсетті.

Білім-оқу жоспарының қайта реттелетінін атап көрсеткен Ердоған «балаларымыз ұзақ жылдардан бері саяси және идеологиялық түрде оқуға мәжбүрленген» деді.

Ердоған құттықтауында «Маған бір әріп үйреткенге, қырық жыл құлшылық жасаймын» деген сөздермен жанданған бір дәстүрдің өкілдері ретінде біздер мұғалімдерімізге деген адамгершілік борышымызды ешқашан лайықты түрде кері қайтара алмайтымызды біліп тұрмыз. Еліміздің түкпір-түкпірінде пида қорлықпен жұмыс істейтін мұғалімдерімізге қолдауымызды жалғастырамыз. Оларды жұмыс шарттарын жақсартуға табандымыз» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым болса құттықтауында мұғалімдердің елдің өркендеуіндегі роліне назар аударған «24 қараша мұғалімдер күніне орай барлық мұғалімдерімізге алғысымды айтамын» деді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Исмаил Кахраман да «Алғашқы парызы ‘оқу’ болған бір діннің өкілдері ретінде біз оқыған кітаптарға ықпал еткен мұғалімдерімізді ізгі тілектермен құттықтаймын» деді.

Ұлттық Білім беру министрі Исмет Йылмаз болса құттықтауында «пида қорлық» тақырыбына назар аударып, «Мұғалімдер адам тәрбиелеген, сондай-ақ бір өркениет пен бір мәдениетті құратын жетекшілеріміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар