Төңкеріс әрекеті түні медиа үлкен рөл ойнады

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

615479
Төңкеріс әрекеті түні медиа үлкен рөл ойнады
hasan hüseyin çakır.jpg
tijen karaş.jpg
hasan hüseyin çakır.jpg
tijen karaş.jpg

4-ші Халықаралық Медиа білім беру бағдарламасы Анталияның Белек ауданында басталды.

Түркия Радио Теледидар Мекемесі бас директоры Шенол Гөка Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік жүйесінің 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті түні медианың керемет бір рөл ойнағанын білдіріп, Түркиядағы медианың толыққанды түрде медианың қандай мықты екенін көрсеткенін айтты.

ТРТ тарапынан ұйымдастырылған 4-ші Халықаралық Медиа білім беру бағдарламасы Анталияның Белек ауданында басталды.

Бағдарламаның бірінші сессиясында 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті түні Түркияда болған оқиғалармен байланысты 41 елден келген журналисттерге мағлұмат берген ТРТ бас директоры Гөка 15 шілде күні отанды қорғау үшін ұлтымыздың үлкен батырлық көрсеткенін айтты.

Ұлтты өзінің ұлты, отанды өзінің отаны ретінде қабылдағысы келмегендердің төңкеріс әрекет жасағанын баяндаған Гөка «Өйткені отан мен ұлт сезіміне ие болған адамдар бұндай әрекет жасамайды, отанына қару қолданбайды, аясыз болмайды» деді.

Төңкеріс әрекетін жасағандардың ассимиляцияға ұшыраған адамдар екенін түсіндірген Шенол Гөка бұлардың әрқандай бір ел, мәдениет, дінге қарамастан мақсаттарына жете алатын адамдармен диалог жасағандарын және аяғында төңкеріс әрекетіне кіріскенін айтты.

Гөка «Бұлар уақыт барысында отансыз және ұлтсыз болып шыға келді. Бұлар ешбір елге тән болмағандықтан әлемдегі барлық адамға қарсы әрекет жасайтын бір рухқа ие» деген сөздер қолданды.

Төңкеріс әрекетінде барша ұлттың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тікұшақтар мен танктердің алдына тік тұрғандарын баяндаған Гөка төңкеріс түнінде медианың да өте керемет бір рөл ойнағанын мәлімдеді. 



Ұқсас жаңалықтар