Президент Ердоған екі күндік Пәкістан сапарын бастады

Ердоғанды Исламабад Нұр-Хан әуе базасында Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф қарсы алды.

612309
Президент Ердоған екі күндік Пәкістан сапарын бастады

Президент Ердоған кейін болса Пәкістан елбасы Мамнун Хүсейинмен президенттік сарайда бас қосты.

Ердоған әріптесімен оңаша кездесуінің артынан кешкі қонақасыға қатысты.

Делегация құрамында вице-премьерлер Вейси Кайнак және Туғрул Түркешке қоса Бас штаб басқармасы төрағасы Хулуси Акар, кейбір министрлер және іскерлер орын алады.

Сапар барысында Фетуллахшы террор ұйымы параллельді мемлекеттік құрылымының мектептерін өткізіп беру тақырыптары қолға алынады.

Пәкістан 20 қараша күніне дейін террор ұйымына тиесілі 23 мектепте жұмыс істейтін 108 мұғалім мен жанұяларының елден кетуін талап еткен болатын.

Президент Ердоған Пәкістан Ұлттық Мәжілісі мен Сенат жиналысында баяндама жасайды.

Экономикалық ынтымақтастық тақырыбы алғашқы күн тәртібін құрайды. 700 миллион доллар деңгейіндегі сауда көлемінің арттырылуы қолға алынады.

Екі ел іскерлері болса инвестиция мүмкіншілігін қарастырады.

Президент Ердоған Пәкістан сапарының артынан Өзбекстанға өтеді.



Ұқсас жаңалықтар