Климат өзгерісі конференциясы жалғасуда

Өзхасеки климат өзгерісі мәселесіне қарсы жаһандық селбесудің шарт екенін айтты.

612294
Климат өзгерісі конференциясы жалғасуда

Қоршаған орта және қала министрі Мехмет Өзхасеки климат өзгерісі мәселесіне қарсы жаһандық селбесудің шарт екенін айтты.

Марокконың үй иелігінде ұйымдастырылған 22-ші Біріккен Ұлттар Ұйымы климат өзгерісі конференциясы жалғасуда.

195 елдің өкілдері қатысқан конференцияда мемлекеттер ресми түрде іске қосылған Париж климат келісімінің қалай жүзеге асырылатыны жөнінде көзқарас білдірді.

Түркия атынан конференцияға қатысқан және жалпы кеңесте баяндама жасаған Өзхасеки климат өзгерісінің әлемнің болашағына қауіп төндіргенін және көптеген мемлекеттің бұл мәселеге немқұрайды қарағанын баяндады.

Климаттың болымсыз ықпалдарының адамдарға үлкен зиян тигізгенін түсіндірген Өзхасеки осы мәселеге қарсы жаһандық селбесудің шарт екенін айтты.

Өзхасеки Түркияның 2020 жылғы 26-шы Климат өзгерісі конференциясына үй иелігін жасау үшін ресми өтініш бергенін білдіріп, қатысушылардан қолдау сұрады.

Қоршаған орта және қала министрі Мехмет Өзхасеки конференция аясында бірқатар кездесу өткізді.

         



Ұқсас жаңалықтар