Премьер-министр Бинали Йылдырым Ресейге барады

Йылдырым Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен бас қосады.

611246
Премьер-министр Бинали Йылдырым  Ресейге барады

Премьер-министр Бинали Йылдырым 5-6 желтоқсан күндерінде ресми сапармен Ресейге барады.  Йылдырым сапары аясында Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен бас қосады.

Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық тақырыптары қолға алынады.

Премьер-министрдің сапары президент Режеп Тайып Ердоғанның премьер-министрлік кезеңінен кейін Ресейге жүргізілген осы деңгейдегі бірінші сапар болады.

Сапар барысында Түркияның Ресейге ең көп экспорты жасалған көкөністерге санкцияның жойылуы,  саудада жергілікті ақша бірлігінің, яғни лира мен рубльдің қолданылуы, еркін сауда аймағы құрылуы және туризм сынды мәселелер де күн тәртібіне келеді.

Айырықша Фетуллахшы террор ұйымымен күрес,  Сирия, «Евфрат қалқаны» операциясы және Ирак тақырыптары да талқыланады.

Премьер-министрдің Ресей сапарына көптеген іскер де қатысады.



Ұқсас жаңалықтар