Түркия террормен аяусыз түрде күрес жүргізеді

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа Одағы келіссөздері үшін референдум өткізуді ұсынды.

610738
Түркия террормен аяусыз түрде күрес жүргізеді

Ердоған Түркияның жаңа қауіпсіздік жоспарында бұдан кейін ешбір террор ұйымының әрекетіне рұқсат бермейтінін айтып, «ПКК-ның немесе басқа бір террор ұйымының ешбір әрекетіне рұқсат бермейміз. Жақтаушылары да құқық аясында жазасын тартады» деді.

Президент халықаралық салада да осы ұйымның артқы жағында тұрғандармен де күрес жүргізетінін білдірді.

Президент Ердоған террормен күресу тақырыбында «Шабуылдарға аяусыз түрде тойтарыс береміз» деген сөздер қолданды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа Парламенті төрағасы Мартин Шульцтың өлім жазасын қайтадан іске қосатын жағдайда Түркияға шара қолданылуы мүмкіндігі жөніндегі мәлімдемесіне де наразылық көрсетіп «Кеш қалдыңыз» деді.

Еуропа Одағы келіссөздерімен байланысты референдум өткізуді ұсынған Президент Режеп Тайып Ердоған баяндамасының аяғында премьер-министр Бинали Йылдырымға бұрылып «Премьер-министр осы жерде. Осы жылдың аяғына дайын сабыр етейік, одан кейін халыққа барайық» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар