Президент референдум өткізілуін ұсынды

Ердоған террор ұйымдарына ешбір кешірім болмайтынын айтты.

610543
Президент референдум өткізілуін ұсынды

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа Одағына мүшелік үшін референдум өткізілуін ұсынды.

Анкарада ұлттық егіншілік жобасына орай өткізілген рәсімде сөз сөйлеген Ердоған Түркияның жаңа қауіпсіздік тақырыбында бұдан былай ешбір террор ұйымының лаңкестіктеріне қарап қалмайтындарын айтты.  «PKK-ның немесе басқа бір террор ұйымының ешбір лаңкестігіне кешіріммен қарай алмаймыз. Керісінше террор ұйымының басына шүйлігеміз, белгілі-белгісіз қанша адамы,  қолдаушысы,  жақтаушысы болса, барлығын жазаға тартамыз» деді ол.

Президент халықаралық аренада да осы ұйымдарды қолдайтындармен күрестен бас тартпайтындарын білдірді. Президент: «Шабуылдарға соншалықты жауап береміз, осындай ниеттері болса жүзеге асыра алмайтын болады» деді.

Ердоған Еуропа Парламенті басшысы Мартин Шульцтің сөздеріне де наразылық білдіріп: «Кеш қалдыңдар» деді.

Еуроодаққа мүшелік жөнінде референдум жасауды ұсынған президент баяндамасының соңында премьер-министр Бинали Йылдырымға бұрылып: «Премьер-министр осында,  министрлер осында.  Мен де президент ретінде жылдың аяғына дейін сабыр сақтайық.  Одан кейін референдум өткізейік» деймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар