Али Сакария Трампты құттықтады

Сакария Түркия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастарына тоқталды.

607719
Али Сакария Трампты құттықтады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Түркия-Америка Құрама Штаттары парламенттер арасы достық тобы төрағасы Али Сакария Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайлануымен Түркия мен АҚШ арасындағы қою ынтымақтастығының алдымыздағы кезеңде тіпті күшейетініне сенгенін айтты.

Али Сакария  Дональд Трамптың АҚШ 45-ші Президенті болып сайлануына орай жасаған жазбаша мәлімдемесінде сайлау нәтижелерінің АҚШ халқы үшін қайырлы болуын тіледі.

Сакария Түркия мен АҚШ-тың 60 жылдан асқан кезеңнен бері өзара сенім және құрмет негізінде, ортақ мүдде аясында аймақтық және жаһандық тақырыптарда табысты ынтымақтастық жасағандарына назар аударды. Али Сакария халықаралық терроризмнің жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндірген осы жаңа кезеңде екі арасындағы қарым-қатынастардың әрқашанғы уақыттан тіпті маңызды екеніне назар аударды. 



Ұқсас жаңалықтар