10 қараша - Ататүрікті еске алу күні

Еске алу рәсімдерінің біріншісі Аныткабир мавзолейінде болды.

607625
10 қараша - Ататүрікті еске алу күні

Түркия Республикасының құрушы көсемі Мұстафа Кемал Ататүрік қайтыс болғанына 78 жыл толғанда еске алынуда.

Мемлекет басшылары осы күнге орай бас қосты.

Еске алу рәсімдерінің біріншісі Аныткабир мавзолейінде болды.

Президент Режеп Тайып Ердоған және қасындағы лауазым иелері Аныткабирде Атаның құзыретіне шықты.

Президент Ердоған Аныткабир естелік дәптеріне былай деп жазды:

«Әзіз Ататүрік, Бүгін қайтыс болғаныңызға 78 жыл толып отырғанда Азаттық күрестің жеңімпаз қолбасшысы, Республикамыздың құрушысы ретінде сізді тағы бір рет құрметпен еске аламыз. Сіз «Ең үлкен шығармам» деп атап, бізге аманат еткен Республиканы қорғап, барлық салада мықты, беделді және дамыған ел болу жолында табанды қадамдармен жылжып келеміз. Террор ұйымдарының, опасыз топтардың және осыларды қолшоқпары ретінде қолданған жасырын ұйымдардың тыныштығымызды,  тұрақтылығымызды,  мың жылдық бауырластығымызды бұзуына,  елімізді мақсаттан бұрмалауына ешқашан рұқсат бермейміз. Рухың шат болсын»

Дәстүрлі түрде өткізілетін Ататүрік атындағы Мәдениет,  тіл және Тарих жоғарғы кеңесінің еске алу рәсімі биыл бірінші рет Президенттік сарайда болады.

Астанада басқа бір еске алу бағдарламасы да Түркия Атлетика федерациясы тарапынан ұйымдастырылады. Шарада балалар,  жұлдыздар, жастар категориясындағы желаяқтар Ататүрікті еске алу үшін жүгіреді.

Халық бүгін түстен кейін тағы бір рет Аныткабирде бас қосады. Штаб-пәтер басқармасы «Атаның алдында армия мен ұлт бірге» деген ұранмен шақыру тастады. Кездесуде Ататүріктің туған жылы болып табылатын 1881 жыл санындай ақ пен қызыл шар аспанға ұшырылады.

Республиканың құрушысы Ататүрікті Стамбулда да еске алады. Ататүрік көз жұмған Долмабахче сарайы рәсім өткізілетін жерлердің бірі.



Ұқсас жаңалықтар