Түркия Люксембург СІМ-н айыптады

Түркия Еуропада терроризмге қолдау берген елдердің басында Люксембургтің келгеніне назар аударды

605910
Түркия Люксембург СІМ-н айыптады

Түркия Еуропада терроризмге қолдау берген елдердің басында Люксембургтің келгеніне назар аударды.  Түркия осы елдің Сыртқы істер министрі Жан Ассельборнды айыптады.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хүсейін Мүфтүоғлу Ассельборнның бір неміс радиосына берген сұхбатында Түркия жөнінде қолданған сөздеріне тоқталды.  «Жаһандық деңгейде терроризммен күреске қосқан үлесі талас туғызатын Люксембургтің Сыртқы істер министрі Ассельборнның неміс радио арнасына берген сұхбат Түркия душар болған терроризм қаупінің мөлшері мен түрін түсінуден және дұрыс бағалай білуден мақұрым екенін көрсетеді» деді ол.

Министр Ассельборннен 15 шілде күні 246 азаматымыз шәйіт болған қанды төңкеріс әрекетін жасаған террористтерді айыптауын күтетіндерін атап көрсеткен Мүфтүоғлу: «Оның осының орнына елімізде осындай әрекеттің алдын алу және демократияның нығайтылуы үшін ынталарын Еуропаның «қара» кезеңімен салыстыруы әрі тарих білімінің жеткіліксіз екенін, әрі объектив бағалау қабілетінің жоқтығын көрсетеді» деді.

Хатшы демократиялық ел Түркияда Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс жасау әрекетінен бері басылған қадамдардың түрік халқының демократия және еркіндік ішінде өмір сүруіне бағытталғанына да назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар