Ванг Янг премьер-министр Йылдырыммен кездесті

Бинали Йылдырым Қытай премьер-министр орынбасары Ванг Янгты қабылдады.

603420
Ванг Янг премьер-министр Йылдырыммен кездесті

Қытай Халық Республикасы премьер-министр орынбасары Ванг Янг 2015 жылы негізі қаланған премьер-министрлері деңгейіндегі кеңес механизмнің алғашқы жиналысына қатысу үшін Түркияға келді.

Ванг алдымен премьер-министр Бинали Йылдырыммен кездесті.

Премьер-министр Йылдырым Чанкая Сарайында бір сағат жалғасқан қабылдауда екі  ел арасындағы экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың тіпті де дамытылуы жөнінде ынталы екенін түсіндірді.

Тарихи жібек жолының жандануы туралы тұғырларын баяндаған премьер-министр жүргізілген ортақ жобаларға назар аударды.

Бинали Йылдырым  Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекет жүйесінің 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінен кейін Қытайдың көрсеткен селбесу тұғыры үшін алғыс айтты және Қытайдың Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекет жүйесімен байланысты жеке адам және ұйымдарға қарсы жасаған шараларына риза болғанын білдірді.

Қытай премьер-министрі Ванг Янг да мемлекетінде Түркияға қарсы әрқандай бір әрекетке рұқсат бермейтіндерін және Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекет жүйесі мүшелеріне қарсы жалғасты күрес жүргізетінін айтты.

Ванг екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тіпті дамытылуы жөнінде атсалысатынын баяндады.

 



Ұқсас жаңалықтар