Диярбакырдағы бомбалы шабуылда 8 адам шәйіт болды

Жарылыста 100-ден астам адам жарақат алды.

603463
Диярбакырдағы бомбалы шабуылда 8 адам шәйіт болды

Премьер-министр Бинали Йылдырым Диярбакыр полиция дирекциясының Бағлар ауданындағы қосымша ғимараты маңында болған шабуылда 2 полиция қызметкері, барлығы 8 адамның шәйіт болғанын мәлімдеді.

Йылдырым бүгін азанда Диярбакырда бөлшектеуші террордың «опасыз, жиренішті жүзін қайта көрсеткенін» атап, Арнайы полиция жасақтары мен жазықсыз адамдар болған аймаққа бомба тиелген көлікпен шабуыл жасалғанын білдірді.

Премьер-министрдің айтуынша, ауруханаға жеткізілген 100-ден астам жаралының 93-і емделіп шықты. Бір террорист өлтірілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған  жарылыстың артынан Диярбакыр губернаторы Хүсейин Аксойға телефон шалып, оқиғамен байланысты егжей-тегжейлі мағлұмат алды.

Вице-премьер Нуман Куртулмуш болса әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемесінде Диярбакыр Бағлардағы террор шабуылының опасыздық екенін атап көрсетті.

Шабуылды айыптаған Куртулмуш «Террорға берілмейміз. Террор ұйымдарымен байланысты кім болса, жауапқа тартылады» деді.

Губернаторлықтың мәлімдемесіне қарағанда шабуылдың жауапкершілігін ПКК террор ұйымы мойындады.

Шабуылда бір тоннадан артық жарылғыш қолданылғаны анықталды.

Жарылыстың салдарынан жер ойылып, айналадағы дүкендер мен үйлерге зиян келгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар