Нуман Куртулмуш Ирак премьер-министріне наразылық көрсетті

Вице-премьер және үкімет мәлімдемешісі Нуман Куртулмуш күн тәртібіндегі тақырыптарды бағалады.

602296
Нуман Куртулмуш Ирак премьер-министріне наразылық көрсетті

Вице-премьер және үкімет мәлімдемешісі Нуман Куртулмуш Мосул операциясы жайлы Түркияға мен аймақтағы жазықсыз халыққа бағытталатын қауіптерге рұқсат бермейтіндерін білдірді.

Нуман Куртулмуш Мосул операциясы, шекарадағы жаңалықтар және Фетуллахшы террор ұйымы басшысы Фетуллах Гүленді қайтару кезеңін бағалады.

Куртулмуш Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибадидің сөздеріне наразылық көрсетіп, «Ирак премьер-министрінің мәлімдемелері шегінен шыққан сөздер. Осында секталар арасында қақтығысқа орын жоқ. Ибади қызуды арттыратын мәлімдемелерден бастартуға тиісті» деді.

Нуман Куртулмуш Фетуллахшы террор ұйымының басшысы Гүленді Түркияға қайтару кезеңінің созылатынын білгендерін атап «Америка Құрама Штаттарынан Гүленді уақытша тұтқындауды талап еттік. Қайтару кезеңін жылдамдату аталмыш елдің мүддесіне. Гүленнің 15 шілде күнгі төңкерісті басқарғаны ашық түрде ортада» деді.



Ұқсас жаңалықтар