Ұлттық қорғаныс министрі Сирия шекарасында

Ұлттық қорғаныс министрі Фикри Ышык шекараға қоныстандырылған әскери жасақтарды тексерді.

602144
Ұлттық қорғаныс министрі Сирия шекарасында

Түрік қарулы күштерінің шекараға әскер қоныстандыруының артынан Ұлттық қорғаныс министрі Фикри Ышык пен Құрлық күштері қолбасшысы генерал лейтенант Салих Зеки Чолак шекара жасақтарын тексерді.

Ышык генерал лейтенант Чолакпен бірге Түрік қарулы күштеріне тиесілі ұшақпен Хатайға келді.

Хатай губернаторы Эрдал Ата және 2-ші Армия қолбасшысы генерал-полковник Метин Темел тарапынан қарсы алынған министр Ышык пен генерал лейтенант Чолак әскери тікұшақпен қолбасшылыққа өтті.

Шекара жасақтарын тексерген министр Ышык пен генерал Чолак алдымен шекарада құрлық күштері қолбасшылығына қарасты Шекара қорғау қолбасшылығына келді.

Әскери рәсіммен қарсы алынған министр Ышык кейін Шекара қорғау қолбасшылығының естелік дәптеріне қол қойды.

Әскерлермен түскі ас ішкен министр Ышык пен генерал лейтенант Чолак әскери жасақтарды тексерді.



Ұқсас жаңалықтар