Джераблусқа гуманитарлық жәрдемдер ұласты

ДАИШ-тен азат етілген Джераблусқа азық-түлік жәрдемі ұласты.

601242
Джераблусқа гуманитарлық жәрдемдер ұласты
hayrat vakfı.jpg

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркияның басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясы аясында ДАИШ-тен азат етілген Джераблусқа азық-түлік жәрдемі ұласты.

Хайрат жәрдем қоғамының Сирия жұмыстары өкілі Мұхаммед Убейд Көшгер Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемеде Джераблус халқына үздіксіз жәрдемдердің жалғасатынын атап көрсетті.

Аймақта ауа райының салқындай бастағанын атап көрсеткен Көшгер «Халықтың негізгі азық-түлік материалына қажеттілігі артуда. Осы себепті азық-түлік пен қыстық киім тарату жұмыстарын жылдамдаттық. 500 адам үшін аймаққа апарған азық-түлік пакеттерін мұқтаждарға тараттық» деді.

Көшгер аймақта өмір сүрген жанұялардың қиыншылықтарын жеңілдету үшін қолдан келгенше жәрдемдерді жалғастыратындарын атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар