Президент Ердоған террормен күрестің жалғасатынын білдірді

Президент Ирактың Синжар аймағының ПКК-ның жаңа орталығы болуына рұқсат етпейтіндерін атап көрсетті.

598274
Президент Ердоған террормен күрестің жалғасатынын білдірді

Президент Режеп Тайып Ердоған Ирактың Синжар аймағының жаңа Кандил (бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның орталығы) болуына рұқсат етпейтіндерін атап көрсетті.

Ердоған Бештепе Мәдениет және Конгресс орталығында ардагер және шәйіт туысқандарымен бас қосты. Жиналыста айтқан сөзінде Сирияда Түрік қарулы күштері басшылығында 24 тамыз күнінен бері жалғасқан Евфрат қалқаны операциясының ауқымын кеңейтетінін білдірді.

Ердоған Әл-Бабтың ДАИШ террор ұйымының маңызды орталықтарының бірі екеніне назар аударып, «Террор ұйымы Жераблус, Рай және Дабык сияқты Әл-Бабтан да кері шегінеді. Одан кейін Мүнбич пен Раккаға бағытталамыз» деді.

АҚШ президенті Барак Обамамен кеше сөйлегенін атап айтқан президент Режеп Тайып Ердоған «ПЙД-ЙПГ террор ұйымдарына мұқтаж емеспіз. ПЙД-ПКК-ЙПГ бірдей террор ұйымдары. Ракканы ДАИШ-тен бірге азат етейік. Мұны сізбен жүзеге асыра аламыз. Осыған күшіміз жетеді» деп айтқанын білдірді.

Ирактағы террормен күрес операцияларына тоқталған Ердоған «Қазір Киркукте, Мосулда, Телаферде, Синжарда бұл күресті жалғастырамыз. Неге? Синжар жаңа бір ПКК орталығына айналмасын. Сол үшін біз Синжардың жаңа бір Кандил болуына рұқсат бермейміз. Өйткені сол жерде ПКК қоныстанған» деді.

Ел көлемінде жүргізілген террормен күресте жаңа бір кезеңнің басталғанына назар аударған Ердоған террорлық әрекеттер жасалмай тұрғанда, дәл кезінде жоятындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар