Ибрахим Калын Балкан елдерінің журналисттерін қабылдады

Президенттік аппаратының баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын журналисттерге 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін түсіндірді.

597952
Ибрахим Калын Балкан елдерінің журналисттерін қабылдады

Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымының 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасының қоғамды етене жақындастыра түскенін атап айтты.

Мәлімдемеші Калын «Тарихқа және Ұлттық бірлікке куәгерлік» бағдарламасы аясында Балкан елдерінен Түркияға келген баспасөз өкілдерін қабылдады.

Калын президенттік сарайдағы қабылдауда 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті және Түркия мен Балкан елдері арасындағы ынтымақтастыққа назар аударды.

ФЕТӨ-нің төңкеріс әрекетіне қатысты «Басқа елдерде мұндай әрекеттер қоғам мен экономиканы құлдыратар еді» деген Калын «Бірақ Түркияда қоғам бір-біріне етене жақындасып, экономика одан күшейді» деді.

15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің толық мағынада үкіметті төңкеруді нысанаға алғанын атап көрсеткен Ибрахим Калын «Түркия қазірге дейін көптеген төңкерісті бастан кешті. Алайда мұндай бір әрекетке ешқашан ұшырамады. ФЕТӨ қашанда мықтының қасында сап тұтқан бір ұйым. Заңсыз жұмыстар жасап, қылмыстық бір империя құрған. ФЕТӨ-ге жәрдем сылтауымен миллиондаған долларлық ақша жиналған. Олардың мектептерінде қандай қателіктер бар деп сұрасаңыз бұл, мектептерде ақылы және қымбат оқытады. Тек қана мықты жанұялардың, саясат қайраткерлерінің балаларын таңдаған. Оларды мәртебелі жұмыстарға орналастырған. Емтихан сұрақтарын оларға таратып, жоғары баға алуларына көмектескен. Осында әділет те, ашықтық та жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар