Чавушоғлу Евфрат қалқаны операциясын тоқтатпайтындарын мәлімдеді

Министр Чавушоғлу Еркін Сирия армиясына Сирия режим күштері жасаған шабуылдың Евфрат операциясын тоқтата алмайтынын атап айтты.

597414
Чавушоғлу Евфрат қалқаны операциясын тоқтатпайтындарын мәлімдеді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирияда Еркін Сирия армиясына режим күштері жасаған шабуылдың 24 тамыз күні Түрік қарулы күштері басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясын тоқтата алмайтынын мәлімдеді.

Мевлүт Чавушоғлу Анкарада Судан Сыртқы істер министрі Ибрахим Амед Абдүлазиз Гандурмен кездесуінің артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

Чавушоғлу Сирия режиміне тиесілі бір тікұшақтың Еркін Сирия армиясына бағытталған баррель бомбалы шабуылымен байланысты «Сирия режимі ДАИШ-пен күрес жүргізген күштерге шабуылдауда. Режим және жақтаушыларының жоспарында не бар екенін ашық түрде көріп тұрмыз. Режим күштерінің Еркін Сирия армиясына шабуылы операцияны тоқтата алмайды. Евфрат қалқаны операциясы жалғасады. Әл-Бабқа дейін барамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар