Президент БҰҰ-ның құрылуының 71-ші жылдығына орай құттықтау жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ-ға мүше елдерді террорға қарсы ортақ күреске шақырды.

596379
Президент БҰҰ-ның құрылуының 71-ші жылдығына орай құттықтау жариялады

Президент аппаратының баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Ердоған БҰҰ-ның 71-ші жылдығына орай құттықтау жариялады.

Президент Ердоған құттықтауында «Тек қана еліміз үшін емес, барлық халықаралық қоғамның қауіпсіздігі тұрғысынан ДАИШ, Әл-каида, ПКК, ПЙД/ЙПГ, «DHKP-C» және ФЕТӨ сияқты террор ұйымдарымен ықпалды күрес аясында барлық БҰҰ-ға мүше елдер ортаға қойған ынтымақтастықтың жалғасуын тілейміз» деді.

Құрушылары арасында Түркия да бар БҰҰ-ның 71-ші жылдығының ұлт пен барлық адамзат үшін құтты болуын тілеген Ердоған құрылған күннен бастап, БҰҰ мен оның өкілдік жасаған құндылықтарын мықты қорғаушылары арасында орын алған Түркия Республикасының жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі, бітімгерлік, өркендеу, гуманитарлық жәрдем, қоршаған орта және өркениеттер альянсы сияқты белгілі тақырыптарда аса маңызды роль атқарғанын атап көрсетті.

Президент Ердоған Түркияның Сирия мен Ирактағы гуманитарлық трагедия алдында 3 миллион босқынға қонақжайлық жасап, жаһандық ұжданның көрінісі екенін жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар