Сирияда 146 ауыл мен аудан азат етілді

Сирияда Түркия басшылық жасаған Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда.

590929
Сирияда 146 ауыл мен аудан азат етілді

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркияның басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясы аясында кешегі қақтығыстарда 9 оппозиционер шәйіт болса, 6 террорист өлтірілді.

Операция аясында Дабыктың бақылауға алынуымен Түркияға бағытталған Катюша зымыраны қаупі де жойылды.

Түрік қарулы күштері қолдау берген сириялық оппозиционерлер Маренің шығысында орын алған тағы бір майданды бақылауға алды.

Операция басталған күннен бері 146 жергілікті аумақта мың 220 шаршы шақырымдық алаң бақылауға алынды.

Азез-Маре желісі мен Райдың оңтүстігі арасындағы аймақ біріктіріліп, шығыс-батыс және солтүстік-оңтүстік бағыттарындағы жол желілері бақылауға алынды.

Коалиция күштері тарапынан жасалған 2 әуе шабуылында болса 31 мина мен көпшілігі тұзақталған мың 186 қолдан жасалған жарылғыш жойылды.



Ұқсас жаңалықтар