«Мосул мәселесі шешілмейінше Башикадан шықпаймыз»

Президент Ердоған түрік әскерінің Ирактан кері шегінбейтінін білдірді.

590452
«Мосул мәселесі шешілмейінше Башикадан шықпаймыз»

Президент Режеп Тайып Ердоған  Ирактың Мосул қаласы мәселесі шешілмейінше Түркияның Башикадан шегінбейтінін атап көрсетті.

Президент Ердоған кеше Ризедегі Режеп Тайып Ердоған Университеті конгресс және мәдениет орталығында ұйымдастырылған 2016-2017 Академиялық  оқу жылы ашылу рәсіміне қатысты.

Рәсімде «Ирактың Мосул халқын өз тағдырларымен жалғыз тастап кете аламыз ба?» деп сұрақ қойған Ердоған Түркияның Мосулдың тарихында орны бар екенін атап көрсетті. Мосул қаласын мосылдықтардан тартып алып, өзара бөлісуді армандағандарын білдірген президент мұны қабылдамайтындарын атап, Мосул қаласында жалғыз мосылдықтар өмір сүру керектігіне назар аударды.

Мосулда араб, түрікмен және күрдтердің өмір сүргенін тілге тиек еткен президент Мосулға басып кірген ДАИШ-пен күрескен коалиция күштері жасаған мәлімдемеге де наразылық көрсетті.

Коалиция күштерінің тек Ирак орталық әкімшілігінің рұқсатымен Түркияның ДАИШ-пен күрес операциясына қатыса алатыны жөніндегі мәлімдемесіне президент Ердоған мұның мүмкін емес екенін білдірді.

Ирак орталық әкімшілігінің сұранысымен Түркияның Башика базасын құрғандарын еске салған президент Ердоған әкімшіліктің қазір түрік әскерінің Башиканы тастап кетуін талап еткенін, дегенмен базадан шегінбейтіндерін атап көрсетті.

«Мосул мәселесі шешілмейінше Башикадан шықпаймыз» деген президент Ердоған 400 мың тұрғыны бар Тел-Афер қаласындағы түрікмен тұрғын санына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар