Министр Чавушоғлу Лозаннада Сирия келіссөздері жиналысына қатысты

Лозаннада 9 мемлекеттен өкілдер қатысқан Сирия саммитінен нақты шешім шықпады.

590417
Министр Чавушоғлу Лозаннада Сирия келіссөздері жиналысына қатысты

Гангренаға айналған Сирия дағдарысына шешім ізденісінің соңғы аялдамасы Швейцарияның Лозанна қаласы болды.

Ресей, АҚШ, Түркия және Сауд Арабиясынан бастап 9 ел өкілдері жиналыста бас қосты. Дегенмен Сириядағы дағдарыстың шешімімен байланысты тағы нақты шешім шықпады.

Жиналыстың артынан мәлімдеме жасаған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу жиналыста нақты шешім қабылданбағанын, бірақ гуманитарлық жәрдемдер тақырыбында қатысушы елдердің келіскеніне назар аударды.

Уақыт жоймай Халебке гуманитарлық жәрдемдерді жеткізілу керектігін атап көрсеткен министр Чавушоғлу бұл жәрдемдерді таратқан кезде адамдарды бөлшектемеу керектігінің маңызына назар аударды. Түркияның бұл жайтта бір ұсынысы бар екенін атап көрсеткен Чавушоғлу «Халықаралық бір керуен құрылсын. Яғни әртүрлі елдердің жалаулары және жүк көліктерімен гуманитарлық жәрдемдер апарылсын. Әрі бұл символдық болады, әрі керуендерге ешкім тиісе алмайды» деді.

Нақты шешім үшін саяси келіссөздердің басталу керектігіне де назар аударған Чавушоғлу «Әр шартта режим мен оппозицияның келіссөз жүргізушілердің үстеліне отырып, Сирияның келешегімен байланысты көзқарастарын бөлісуі қажет» деді.

Жиналыстың артынан мәлімдеме жасаған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри болса саммитті «өте шынайы көзқарас алмасуы» ретінде бағалады.

Керри кейде тараптар арасында келісімсіздер шықса да келіссөздердің жалпы алғанда жасампаз екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар