Түркия аймақ тұрақтылығының кепілі

Йылдырым «Ресей және Израильмен болған қарым-қатынастарымызды қалыпқа түсірдік» деді.

590024
Түркия аймақ тұрақтылығының кепілі

Йылдырым «Ресей және Израильмен болған қарым-қатынастарымызды қалыпқа түсірдік» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым біздің ұлтпен ешкімнің үзенгі қағыстыра алмайтынын және Түркияның аймағының тұрақтылығының кепілі екенін айтты.

Измирде сөз сөйлеген Йылдырым үкімет болып достарын көбейту үшін жұмыс істегендерін, бұның нәтижесінің шыға бастағанын білдірді.

Премьер-министр Йылдырым «Ресей және Израильмен болған қарым-қатынастарымызды қалыпқа түсірдік. Енді Сирияда төгілген қанның тоқтатылуы үшін Швейцарияның Лозанна қаласында бір жиналыс өтуде. Түркия да осы жиналыстың өткізілуі үшін атсалысты. Ресей, Америка Құрама Штаттары, Иран, Сауд Арабиясы және Түркия бас қосып, Сириядағы атысты тоқтату мәселесін қолға алады. Бір  Алладан бейуаз, күнәсіз бауырларымыздың тезірек зұлматтан құтылуын тілейміз» деді. 



Ұқсас жаңалықтар