Стамбұлда опасыз шабуыл

"75-жыл" полиция орталығы нысанаға алынған опасыз шабуылда біреуі ауыр күйде барлығы 5 адам жарақат алды.

584333
Стамбұлда опасыз шабуыл

Стамбұлдың Бахчелиевлер ауданындағы "75-жыл" полиция орталығына жасалған бомбалы шабуылда біреуі ауыр күйде барлығы 5 адам жарақат алды.

Губернатор Васип Шахин әлеуметтік медиадан жасаған мәлімдемесінде шабуылдың мотоциклмен жасалғанын білдірді.

Шахин мәлімдемесінде «Бахчелиевлер ауданы Фатих даңғылында бомбалы мотоциклдің жарылуы нәтижесінде алғашқы мағлұматтарға қарағанда біреуі ауыр күйде 5 азаматымыз жарақат алды» деді.

Жарылыстың артынан айналадағы көліктер мен кейбір ғимараттарға зиян келді. Өрт сөндіру топтары мен денсаулық сақтау топтары оқиға орнына жіберілді.

Жарылыс болған аймақта қауіпсіздік шаралары арттырылып, аймақ қоршауға алынды.

Полиция күдіктенген мотоциклді екі адамды тергеуге алды.

Оқиға орнында тергеу жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар