Евфрат қалқаны операциясына қатысқан 1 әскер шәйіт болды

Евфрат қалқаны операциясының 43-ші күні қайғылы хабар келді.

583091
Евфрат қалқаны операциясына қатысқан 1 әскер шәйіт болды

Түрік қарулы күштерінің Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні бастаған Евфрат қалқаны операциясының 43-ші күні қайғылы хабар келді.

Түрік қарулы күштері Риа аймағында түрік әскерімен ДАИШ-тік террористтер арасында шыққан қақтығыста 1 әскердің шәйіт болғанын, 3 әскердің жеңіл жарақат алғанын жариялады.

Мәлімдемеде Раидің шығысында орын алған Тәуелсіз Сирия армиясы бақылауындағы Зияра жергілікті тұрғындарына ДАИШ-тің шабуылы кезінде шыққан қақтығыста 18 террорист өлтірілді.

Операция аясында ДАИШ террор ұйымына тиесілі екені анықталған 75 нысананы зеңбіректер, көп тұмсықты зымырандар және танктер  атқылады.

Нысаналар арасында қару бекіністері, уақытша баспана алаңдары және аялдаған екі қарулы көлік жойылды.

Операция басталған күннен бері Түрік қарулы күштері террористтерге тиесілі мың 875 нысананы жалпы 8 мың 652 рет атқылады.

Коалиция күштері болса 4 нысана жойды, 5 ДАИШ-тік террористті өлтірді.



Ұқсас жаңалықтар