15 шілде күнгі шәйіттер еске алынды

Президент Ердоған «Ешқандай жеңіс шығынсыз болмайды» деді.

581442
15 шілде күнгі шәйіттер еске алынды

Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік жүйесінің 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінде шәйіт болған батырлар Стамбулда ұйымдастырылған бір іс-шарада еске алынды.

«15 шілде күнгі батырлардың дастанын жырлаймыз» атты іс-шарада Президент Режеп Тайып Ердоғанның жолдамасы оқылды.

Президент Ердоған «Ешқандай жеңіс шығынсыз болмайды. 15 шілде күнінің өзі ұлтымыз жазған үлкен жеңіс дастаны болып табылады» деді.

Президенттік аппаратының баспасөз хатшысы Ибрахим Калынның әнші Яуыз Бингөлмен бірге айтқан әні барлық тыңдаушыларды әсерлендірді.

Стамбул қала әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылған іс-шараға Мәдениет және туризм министрі Наби Авжы, бұрынғы премьер-министрі Ахмет Давутоғлұ, Стамбул қаласының мэрі Кадир Топбаш, ТРТ Бас директоры Шенол Гөка, шәйіт туыстары және журналисттер қатысты.

 

 



Ұқсас жаңалықтар