Бүгін Евфрат қалқаны операциясының 36-ші күні

Осы таңға дейін операция аясында жиыны 419 нысанға 5437 оқ жаудырылды.

579113
Бүгін Евфрат қалқаны операциясының 36-ші күні

Түрік Қарулы Күштерінің 24 тамыз күні басталған Евфрат қалқаны операциясы аясында террор ұйымы ДАИШ-тің бақылау көлігімен анықталған 82 нысанға 346 оқ атылды.

Бүгін операцияның 36-ші күні. Осы таңға дейін операция аясында жиыны 419 нысанға 5437 оқ жаудырылды.

Түрік Әуе Күштеріне тән ұшақтар Аваушиях және Ихтимат аймағында орын алған үш нысанды бомбаның астына алды.

Бомбалаудың нәтижесінде террор ұйымына тән қару-жарақ қоймасы ретінде қолданылған ғимарат күйретілді. ДАИШ мүшелері өлтірілді.

Коалиция күштері де операцияларын жалғастыруда.

Евфрат қалқаны операциясында Түрік Қарулы Күштерінің қолдауымен оппозиционерлерден құралған бес Арнайы міндет атқару жарақ тобы Азаз-Раи желісінде бақылауды қайтадан қолына алды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар