Ердоған Борис Джонсонды қабылдады

Джонсонды артынан премьер-министр Бинали Йылдырым қабылдады.

578137
Ердоған Борис Джонсонды қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ұлыбритания сыртқы істер министрі Джонсонды қабылдады.

Президенттік сарайда баспасөзге жабық түрде өткен қабылдау 50 минут болды.

Джонсонды артынан премьер-министр Бинали Йылдырым қабылдады.

Премьер-министрлік баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда,  Чанкая сарайындағы қабылдауда Йылдырым Ұлыбританияның Түркияның маңызды одақтастарының бірі екенін айтты.  Йылдырым әрі Ұлыбритания үкіметінің,  әрі Сыртқы істер министрі Джонсоннның Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс жасау әрекетінен кейін көрсеткен ұйымшылдығына риза екендерін тілге тиек етті.

Ұлыбританияның Еуропа Одағына жауапты Сыртқы істер министрінің орынбасарының төңкеріс жасау әрекетінен кейін Түркияға келуінің маңызды екенін білдірген премьер-министр Түркияның Ұлыбританиямен барлық салада қатынастарды жетілдіруге ниетті екенін айтты.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джонсон болса елінің демократия органдарының жанында болатынын айтты.

Қабылдауда екі жақты мәселелермен қоса терроризммен күрес, Сирия, Ирактағы оқиғалар қолға алынды.



Ұқсас жаңалықтар