Ибрахим Калыннан ескерту

TRT арнасында бір бағдарламаға қатысқан Калын FETÖ-нің басқа елдерге де дендеп енетінін айтты.

575199
Ибрахим Калыннан ескерту

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекет құрылымының басшысының Түркияға қайтарылмауының ауыр және ұзын мерзімді нәтижелері болатынын айтты.

TRT арнасында бір бағдарламаға қатысқан Калын осы ұйымның өзі барған елдерге дендеп енетінін айтты.

Ибрахим Калын президент Ердоғанның БҰҰ-да сөйлеген сөзі арқылы ақыл, ұждан,  адамзаттың және мейірімнің даусы ретінде әлемге үн қатқанын еске салды.

Калын Ердоғанның баяндамасында 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекетін әсіресе түрік демократиясына енгізілген үлкен соққы ретінде қолға алғанын тілге тиек етті. FETÖ басшысы Фетуллах Гүленнің Америка Құрама Штаттарынан қайтарылуы тақырыбында болса Калын қайтару және одан бұрынғы қадам ретінде тұтқынға алуға байланысты құқықтық үдерістің жүріп жатқанын білдірді.

Гүленнің басқа бір елге жолдануына байланысты сұраққа баспасөз хатшысы «Біздің талабымыз – Түркияға қайтарылуы.  Ол Түркия Республикасы азаматы.  Түркияда істеген қылмыстарына орай сұралып отыр.  Басқа елге жолдануын қаламаймыз. Сондықтан Америкадағы шешім берушілердің, саясат қайраткерлердің шынымен ойлануы керек.  Түркия секілді бір елден айрылып қалмау үшін. Бұлай жалғастыратын болса нәтижесі ауыр болады» деді.

Түркияда төңкеріс жасау әрекетінің артында FETÖ  бар екеніне тек бір партия,  бір топ қана сенбейтінін,  түрік қоғамының толығымен осы тақырыпта ауызбіршілікте екенін білдірген Ибрахим Калын: «Осы ауызбіршілікті елемесеңіз,  Түркия қоғамын қате түсінесіз деген сөз. Түркия мен қоғамның динамикаларын көрмей отырсыз деген мағынаға келеді. FETÖ тек Түркия немесе АҚШ-қа ғана қауіпті емес,  ол барған елдерінде осыған ұқсас әрекет жасауы мүмкін» деді.



Ұқсас жаңалықтар