ДАИШ-пен күрес

Түрік Қарулы күштері террор ұйымымен күресін жалғастыруда.

572205
ДАИШ-пен күрес

Түрік Қарулы күштерінің "Евфрат қалқаны" операциясы аясында ДАИШ террор ұйымының 67 нысаны атқыланды,  террор ұйымының бес мүшесі өлтірілді.

Бұл жөнінде Түрік Қарулы күштері мәлім етті.

Мәлімдемеде Азаз-Раи аймағындағы операцияға коалиция аясында Америка Құрама Штаттарының Арнайы жасақтары да қолдау берді.

Түрік Әуе күштерінің ұшақтары да Татимус және Кунайтирах аймақтарына әуеден операция жүргізді.

Аймақта анықталған террор ұйымының үш ғимараты жойылды.

Коалиция күштерінің әуе операциясында да бес террорист өлтірілді.

Түрік Қарулы күштері Сириямен шекарада ұшқышсыз әуе аппараттарының барлауын жалғастыруда екенін атап көрсетті.

Осы арада Сирияда оппозиция да алға жылжуда. ДАИШ террор ұйымымен қақтығыстардан кейін Раидың батысындағы Татимус пен Кунайтирахта бақылауды оппозиция өз қолына алды.



Ұқсас жаңалықтар