Түркия Сирия режимінің хлор газы шабуылдарын айыптады

Орыс соғыс ұшақтары Халебке қарасты Суккери аумағын бомбалады.

567567
Түркия Сирия режимінің хлор газы шабуылдарын айыптады

Сирияның Халеб қаласында орыс армиясына тиесілі соғыс ұшақтары тарапынан оппозицияның бақылауындағы Суккери аумағына жасаған әуе операциясында 28 адам қаза тапты, 57 адам жарақат алды.

Әуе шабуылында көптеген ғимаратқа да зиян келді.

Суккери аумағы сейсенбі күні де режим күштерінің нысанасы еді.

Суккеридегі тұрғын аймағына құрамында хлор газы баррель бомбалары тасталып, араларында әйел мен балалар да бар 100 адам аймақтағы жылжымалы ауруханаларға жеткізілген болатын.

Түркия режимнің хлор газы шабуылдарын қатаң түрде айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде аталмыш шабуылдардың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2218 және 2209 нөмірлі шешімінің ашық түрде бұзылғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымы мен БҰҰ Ортақ тергеу механизмі тарапынан режимнің химиялық қару қолданысын анықтауының артынан ертеңінде және бұзылған атысты тоқтатуды қайта іске қосу үшін талпыныстары артқан бір кезеңде осындай бір шабуыл жасалуы режимнің халықаралық қоғамды түкке санамағанын тағы бір рет ортаға қояды» делінді.

Халықаралық қоғамға жақындаған Құрбан айтты да сылтауратып, Халеб пен ел көлемінде қақтығыстарды тоқтату үшін бітімгерлікті қамтамасыз етуге шақыру тастаған мәлімдемеде Түркияның бұл бағытта талпыныстарының жалғасатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар