Евфрат қалқаны операциясында 2-ші саты басталды

Түрік қарулы күштері құрамындағы кейбір сауытты көліктер екінші бір коридор ашып Сирияға кірді.

564672
Евфрат қалқаны операциясында 2-ші саты басталды

Түрік қарулы күштері құрамындағы кейбір сауытты көліктер Тәуелсіз Сирия армиясының ДАИШ террор ұйымымен күресіне қолдау беру мақсатты шекарадан өтіп Сирияның Чобанбей ауданына кірді.

Килис қаласының Элбейли ауданынан өткен Түрік қарулы күштері жасақтары жазықсыз адамдарға зиян келмеуі үшін қажетті барлық шараларды қабылдады.

Бас Штаб Басқармасы сондай-ақ Евфрат қалқаны операциясының 11-ші күнінде қазірге дейін Араб Иззах, Әл-Фурсан, Әл-Рай аймағында Идалат, Талях, Гарбиях пен Кубба Туркуман әуежайы коалиция күштерінің қолдауында Тәуелсіз Сирия армиясы жасақтары тарапынан бақылауға алынғанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар