Йылдырым БҰҰ орынбасарын қабылдады

Йылдырым БҰҰ-нан FETÖ-мен күресуде тіпті күшті қолдау сұрады.

562945
Йылдырым БҰҰ орынбасарын қабылдады

Премьер-министр Бинали Йылдырым Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Джеффри Фелтманнан Фетуллашы террор ұйымы паралельді мемлекет жүйесімен күресуде баста Біріккен Ұлттар Ұйымы болып халықаралық ұйымдардың тіпті күшті қолдау беруін талап етті.

Премьер-министрлік қайнар көздерден алынған мағлұмат бойынша Фелтманды Чанкая Сарайындағы қабылдауында 15 шілде опасыз төңкеріс әрекетінің түрік ұлтының жігері мен тұғыры арқасында жеңіліске ұшырағанын, сондай-ақ үкіметтің мұндай әрекеттің қайталанбауы үшін шаралар қолданғанын білдірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Джеффри Фелтман болса Түркияда демократия мен тұрақтылықты нысанаға алған төңкеріс әрекетінің қабылдануға болмайтынын білдіріп, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның осы әрекетті қатал түрде айыптаған, түрік халқы және үкіметімен селбесуді баяндаған жолдамасын жеткізді.

Кездесуде сонымен қатар Сирия баста болып аймақтық жаңалықтар жөнінде пікір алмасты. 



Ұқсас жаңалықтар