АҚШ Гүленді тапсырып берсін

Боздағ АҚШ Гүленді Түркияға тапсырып беру керектігін айтты.

563077
АҚШ Гүленді тапсырып берсін

Әділет министрі Бекир Боздағ Америка Құрама Штаттары 15 шілде күні төңкеріс талпынысын жасаған Фетуллахшы террор ұйымы паралельді мемлекет жүйесінің басшысы Фетуллах Гүленді тапсырып бермеген жағдайда екі ел қарым-қатынастарының ұзақ жылдар  нашар болатынын айтты.

Бекир Боздағ Америка Құрама Штаттарының досы мен Фетуллахшы террор ұйымы паралельді мемлекет жүйесі арасында талдау жасауы керектігін баяндады.

Әділет министрі Бекир Боздағ бір жеке теледидар каналындағы сұхбатында 15 шілде түні Түркияның бөлшектенуден және ішкі соғыстан құтылғанын білдірді.

Сол түнді жоспарлаған және жүзеге асыруға тырысқан Фетуллах Гүленннің тапсырып берілуі үшін жасалған жұмыстарды мәлімдеген Боздағ осы шешімнің әслінде саяси бір шешім екенін баяндап, АҚШ әкімшілігінің егер тапсырып беру шешімін жасай алатынын айтты. 



Ұқсас жаңалықтар