Йылдырым PYD-нің шегіну шартын қайталады

Йылдырым террормен күресуде табанды екенін түсінді.

562499
Йылдырым PYD-нің шегіну шартын қайталады

Премьер-министр Бинали Йылдырым Сириядағы Евфрат қалқаны операциясының террорист қалдықтарының қауіптерін жоятынын білдіріп, Түркияның террор ұйымы PYD-нің Евфрат өзенінің шығысына шегіну шартын қайталады.

 Йылдырым Анкараның Кечиөрен ауданында халыққа үндеу тастап «Террор қалдықтары түбегейлі түрде жойылғанға дейін күресімізді жалғастырамыз» деді.

Йылдырым Кечиөрен метросы аяқталғанда Анкарада райлы жүйенің 64 шақырымға жететінін түсіндірді.

Премьер-министр Йылдырым одан кейін журналисттердің бірінші апта артта қалған Евфрат қалқаны операциясына байланысты сұрақтарына орай «Террор қалдықтары түбегейлі жойылғанға, территориямызға және азаматтарымызға бағытталған қауіптер аяқталғанға дейін күресіміз жалғасады. PYD/YPG бұлар ПКК-ның жалғасы болған террор ұйымдары» деді.

 Террормен күресуде табанды екенін түсіндірген Йылдырым «Осы қалдықтар Сирияда Евфрат өзенінің шығысына, яғни келген жеріне қайтады. Америка Құрама Штаттарының да осы жөнінде елімізге көп мәрте уәде берді» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар