Чавушоғлұ Грекия газетіне сұхбат берді

Чавушоғлұ Түркия мен Грекия қарым-қатынастардың потенциалына тоқталды

562292
Чавушоғлұ Грекия газетіне сұхбат берді

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Еуропа Одағының түрік азаматтарына виза жеңілдігі уәдесін орындамаған жағдайда кері қабылдау келісімінің жалғаспайтынын айтты.

Мәвлүт Чавушоғлұ Грекия газеті Kathimerini-ге берген сұхбатында Еуропа Одағы жауапкершілігін орындамаған жағдайда Түркияның заңсыз келімсектерді тоқтата алмайтынын білдірді.

 Түркия мен Грекия арасындағы қарым-қатынастардың потенциалына тоқталған Чавушоғлұ 15 шілдедегі төңкеріс әрекеті талпынысына қатысқан соң Грекияға қашқан 8 төңкерісшілдің ең қысқа уақыт ішінде тапсырып беруін күткенін де айтты.  

 Төңкеріс әрекетінің Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ қаупінің қаншама үлкен екенін білдірген Чавушоғлұ осы ұйымның Түркия сыртында мүшелерінің болғанын, сондай-ақ бұларға қарсы дос және одақтас елдердің қолдау күткендерін баяндады.

 



Ұқсас жаңалықтар