Түркия YPG-ге ескерту жасады

Түркия PYD-нің  қарулы бөлшегі YPG-ге ескерту жасады.

561346
Түркия YPG-ге ескерту жасады

Түркия бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы PYD-нің  қарулы бөлшегі YPG-ге ескерту жасады.

 Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ YPG мүшесі террористтердің тезірек Евфраттың шығысына шегіну керектігін атап өтті.

Чавушоғлұ ресми сапармен астана Анкарада болған Голландия әріптесі Берт Коенрестпен бірге ұйымдастырған ортақ баспасөз маслихатында       24 тамызда басталған Евфрат қалқаны операциясының Жераблусты террор ұйымы ДАИШ-тен тазалауды нысана еткенін еске салды.

  Мәвлүт Чавушоғлұ «Кішкене бір жасақпен бетпе-бет үзенгі қағыстырғанның өзінде ДАИШ бақылау астына алған аймақтардан кетуде. Бұл жөнінде егер елдер ынтымақтастық жасағанда Сирия және Иракта мұндай бір террор ұйымы қалмаушы еді» деді.

   Чавушоғлұ операция жасалған Мүнбич аймағында негізінен араптар өмір сүргенін және Түркия қолдаған осы операцияның ішіндегі күштердің аймақ халқы екенін түсіндірді.

  Министр Чавушоғлұ «Мүнбич операциясы тақырыбында келісіміміз YPG және PYD-нің операциясының артынан Мүнбичте қалуы жайлы болатын. Қазір келісімге сәйкес шара қолданамыз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар