Түркия Сириядағы операция жайлы қауесеттерді теріске шығарды

«Евфрат қалқаны операциясы» аясында анықталған нысаналар жоғары қабілеттікпен жойылады.

559619
Түркия Сириядағы операция жайлы қауесеттерді теріске шығарды

Премьер-министрлік жасаған мәлімдемеде Түрік қарулы күштері жүргізген «Евфрат қалқаны операциясы» аясында анықталған террористік нысаналар жоғары қабілеттікпен жойылғаны білдірілді.

Кейбір орталар мен медиа органдарында орын алған «жазықсыз адамдар нысанаға алынады» деген пропоганда мақсатты қауесеттердің де шындыққа жатпағаны атап көрсетілді.

Бас Штаб Басқармасының интернет парақшасында жарияланған мәлімдемеде болса ДАИШ-тен бастап, террор ұйымдарының қаупін жойып, Түркияның шекара қауіпсіздігін арттыру және коалиция күштеріне қолдау мақсатты 24 тамыз күні басталған операцияның жалғасқаны білдірілді.

Мәлімдемеде «Террор ұйымдары тарапынан қолданылған және шекара аймағымызда қауіпсіздік рискіне жол ашқан Сирияның солтүстігіндегі коалиция операциясына қолдау берген Түрік қарулы күштері аймақта өмір сүрген жазықсыз халыққа зиян келмеуі үшін әртүрлі шараны қабылдап, бұған үлкен мән береді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар