Премьер-министр Сирия тақырыбында мәлімдеме жасады

Премьер-министр Бинали Йылдырым Сирияның шекара тұтастығын қорғау керектігін атап айтты.

557357
Премьер-министр Сирия тақырыбында мәлімдеме жасады

Премьер-министр Бинали Йылдырым Чанкая резиденциясында өткен Министрлер Кеңесі жиналысында журналисттерге мәлімдеме жасады.

Сирияның шекара тұтастығын тек қана Түркияның емес Иран мен көрші елдердің де назарға алғанын атап айтқан Бинали Йылдырым Сирияға берілген үлкен соққының артынан бөлшектену қаупімен күресетін күші қалмағанын білдірді.

Сирия халқының өз тағдырын белгілейтін бір тұтас Сирия мемлекеті үшін барлық этникалық құрылымдар өкілдік жасайтын бір әкімшілік құру керектігін атап көрсеткен премьер-министр «Көрші ел ретінде Түркия тағы жақыннан қадағалаушы Иран, Ресей, АҚШ тіпті Шығанақ елдері мен Сауд Арабиясы үлес қосатын бір құрылыммен одан көп уақыт жоймай Сирияда жаңа бір кезеңді бастау аса маңызды болып табылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар