Газиантептегі шабуылда қаза тапқандар саны 54-ке өсті

Шабуылда қаза тапқан 43 адам мемлекеттерінде жерленді.

556747
Газиантептегі шабуылда қаза тапқандар саны 54-ке өсті

Газиантепте үйлену тойына келгендерді нысанаға алған жанкешті шабуылда қаза тапқандар саны 54-ке өсті. 66 жаралының 14-і болса ауыр күйде.

Басқа жағынан шабуылда қаза тапқандар арасынан ДНК анализінде анықталған 43 адам жерленді.

39 адам Газиантепте, 2 адам Сииртте, 1 адам Ванда, 1 адам да Адыяман қаласында жерленді.

Оқиғамен байланысты ашылған тергеу жалғасуда.

20 тамыз күні Шахинбей ауданына қарасты Бейбахче аумағында үйлену тойы кезінде бомбалы шабуыл жасалған болатын.

Шабуыл алғашқы айғақтарға қарағанда 14 жасар бір бала тарапынан жасалған еді.



Ұқсас жаңалықтар