"Барша адам қауіпсіздікте болғанға дейін ешкім қауіпсіздікте деп есептелмейді"

Ибрахим Калынның мақаласы  /  'DAILYSABAH' - 20.08.2016

555815
"Барша адам қауіпсіздікте болғанға дейін ешкім қауіпсіздікте деп есептелмейді"

Түркия баршаға қауіп төндірген ДАИШ террор ұйымымен халықаралық күреске қалай қолдау берсе, ПКК мен FETO-шыларға қарсы жалғыз жүргізген күресінде достары мен одақтастарынан бірдей қолдауды күтуге құқылы. 15 шілде күнгі қанды төңкеріс әрекетімен шайқалған Түркия қазір ПКК, ДАИШ және Гүлен террор ұйымының (FETO) үштік қаупімен бетпе-бет.

Түркияның қауіпсіздігі өздерінің қауіпсіздігі үшін аса маңызды болғандықтан Түркияның достары мен одақтастарының Түркияға қолдау беруі өз мүдделеріне.

Гипер-қазіргі заман және жаһандану үйреткен ең маңызды сабақ мынау: Барша адам қауіпсіздікте болғанға дейін ешкім қауіпсіздікте деп есептелмейді.

 Түркия ПКК-ға қарсы ондаған жылдан бері күресуде. Бұрын қате басқарылған саяси кезең ПКК терроризмінің өсуіне ықпал етті және кешіктірілген күрд ұлтшылдығын ортаға шығарды.

Президент Режеп Тайып Ердоған премьер-министр болған кезде қарулы күресті жою үшін бір қатар батыл қадамдар басып, үлкен саяси рисктерді мойындады. Күрд тұрғындар жиі өмір сүрген аймақтарда мекемелік инвестицияларды арттырды, күрд куәлігін таныды. Күрт тілі тыйымын жойды, ең маңыздысы күрдтерге дәл түрік азаматтары сияқты тепе-теңдік және абырой сезімдері берілді. Дегенмен ПКК қарусызданудың орнына және түрмеде отырған террорист басы Абдуллах Өджалан жасалған шақыруларға қарамастан террор шабуылдарын арттырды, жаңа содырлар қабылдап, қақтығыстарды қалаларға дейін тасыды.

Күрд жақтаушысы Халықтардың демократия партиясы (ХДП) шешім кезеңіне жәрдем беруге уәде етіп, Мәжіліске кіріп алды. Уәдесін орындаудың орнына ПКК-ның мәлімдемешісіне айналды және ПКК-ның ең қанды шабуылдарының өзін айыптаудан бас тартты. ХДП ПКК-ның қарусыздану үшін ешбір маңызды инициативасын қолданбады. Мұның орнына ПКК-ға бағытталған сындарды жұмсатып, Ердоғанды айыптаудың, жамандаудың жолын іздеді.

Президент Режеп Тайып Ердоған көптеген ортада шешім процесін тоқтатқанын және жалғасуының тек қана ПКК-ның қаруларды тастауымен мүмкін екенін жариялады. Қазір байқағандай, ПКК алаңдаған күрд мәселесіне шешім табу емес, террор ұйымы ретінде өз заңдылығын қамтамасыз ету. Ешбір демократия бір мәселеге бейбіт жолмен шешім іздеп жатқанда, террористік бір топтың болмысына рұқсат бермейді.

ПКК мен саяси өкілдері «Күрд мәселесі» деп алға тартқан нәрсенің күрдтердің негізгі мәселесіне қатысы жоқ. Керісінше өздерінің мақсаттарын «күрд мәселесі» деп ұсынады. Мұны жай атқанда, «шындық» емес. Біздің негізінде әрі түріктерді, әрі күрдтерді өлтіріп жатқан ПКК мәселеміз бар. ПКК тек қана өткен аптаның ішінде Диярбакыр, Ван, Элазығ және Битлис қалаларында бомба тиелген көліктер және жолға орналастырған тұзақтармен жасаған шабуылдармен ондаған қауіпсіздік қызметкері және жазықсыз адамды шәйіт етті.

Еуропа мен АҚШ Түркияны ПКК-ны сүйікті және мейірімді бір азаматтық қоғам мекемесі сияқты қабылдауға шақырудың орнына алдымен ПКК-ның не екенін байқауға тиісті. ПКК-ның лаңкестіктерін ‘бірақ’ немесе ‘егер’ деген сөздерді қоспай айыптап, Еуропа қалаларында қаржы операциялары мен үгіт-насихат жұмыстарын тоқтатуға міндетті.

Сирияда ДАИШ-ке қарсы күрес сылтауымен ПКК-ның Сирия тармағы Демократиялық Бірлік партиясы (PYD) және оның қарулы күші Халықтардың қорғанысы одағына (YPG) қолдау беруі өте үлкен қате және стратегиясы орынсыз болатын. ПКК Сирия ішкі соғысын өз лаңкестіктерін жалғастыру мақсатты пайдаланады.

Сирия соғысы созылған сайын Башар Асад режимі Дамаск, Халеб және елдің басқа аймақтарында араларында әйел мен балалар да бар жазықсыз адамдарға шабуылдарын жалғастыруда. Жасалған соңғы зұлымдықтардың фотосуреттері күн сайын ортаға шығады және әлемнің үнсіз қалуы ұятты жаңа тұғырға көтереді. Сирия соғысының екі қанішері Асад режимі мен ДАИШ бірін-бірі коректендіреді. Сириядағы соғысты тоқтатпайынша ДАИШ қаупін толығымен жоятын бір шешім табу мүмкін емес және Асад елден кетпейінше бұл соғыс жойылмайды. Сириямен 711 шақырымдық шекараны бөліскен Түркия одан да ауыр салмақ көтереді. Ол әрине ең үлкен зардапты шеккен Сирия халқы.

Түркия ДАИШ-ке қарсы күресте басқа көптеген елмен салыстырғанда одан көп жұмыс істейді. ДАИШ-ке қарсы коалицияның бір мүшесі екені және әуе базаларын коалиция соғыс ұшақтарына ашуына қоса, Түркия 50 мыңнан астам ДАИШ мүшесі немесе ДАИШ-пен байланысы бар екеніне күдіктенген адамды тұтқындады, шекарадан шығарды немесе елге кіруіне рұқсат етпеді. Сириядан келген босқын ағымы кезінде шекара қауіпсіздігін арттырды, сондай-ақ шекара желісіндегі қалалар ДАИШ снарядтарының нысанасына айналды. ДАИШ сондай-ақ Анкара мен Стамбұлда шабуылдар жасап, жүздеген жазықсыз адамды қырды.

Дәл ПКК-мен күрестегі сияқты Түркия өте аз жәрдем алды. Кейбір Еуропа мемлекеттері өз қауіпсіздіктерін реттеп, ақпар бөлісудің орнына Түркияны Еуропа порттарынан шығып келген ДАИШ террористтерін немесе күдіктілерін ұстағаны үшін айыптауда. Егер елдер өз міндеттерін орындамай жатса, Түркия Еуропадан шыққан террористтер жайлы қалай ақпарат жинамақ? Бірнеше ДАИШ террористі Түркия шекарасынан қайтарылған соң Франция мен Бельгияда шабуылдар жасады.

ДАИШ-ті өз құрамында жұмыс істейтін, одан ауқымды байланыстарды жоймай жеңу қиын. Сириядағы ішкі соғыс пен Ауғанстан, Ирак, Ливия және басқа елдердегі табыссыз және әлсіз үкіметтер ДАИШ-ке жаңа адамдар тартып, үгіт-насихат жүргізу үшін қажетті жағдайды қамтамасыз етеді. Барлық бұл факторларға қарамастан Түркия ДАИШ террор ұйымына қарсы саяси, идеологиялық және әскери күресін жалғастыруда.

Түркия соңғы рет 15 шілде күні FETÖ терроризмін сынады. FETÖ-шылардың көпшілігі Түркиядағы күштерін жоғалтса да, әлі атқаратын жұмыс көп. Елдегі мүмкіншіліктерінен айырылған Гүленшілер байлықтарын шетелге алып қашты және резервтерін Түркияға қарсы  қаралау кампаниясы жүргізу үшін жұмсауда.

Түркияның Еуропа, АҚШ, Таяу Шығыс, Африка, Азия және әлемнің қалған жерлеріндегі достары мен одақтастары бұл кампанияларға қарсы абайлап, FETÖ террор ұйымының түнектегі жүзін көруге тиісті.

Түркия баршаға қауіп төндірген ДАИШ террор ұйымымен халықаралық күреске қалай қолдау берсе, ПКК мен FETO-шыларға қарсы жалғыз жүргізген күресінде достары мен одақтастарынан бірдей қолдауды күтуге құқылы.

Терроризмге қарсы күрес терроризмнің әр түріне қарсы нақты және ашық бір ұстаны ортаға қоймайынша табыс әкелмейді. «Менің террористім сенің террористінен әлде қайда күшті» деген сөйлемдер тек қана қанішерлерді ынталандырады.

Қауіпсіздік барша үшін маңызды және тек қана барша үшін қамтамасыз етілген жағдайда жұмыс істейді.



Ұқсас жаңалықтар