Түркия - Латвияның өте маңызды серігі

Латвия Түркияға жаңа елші тағайындады.

554246
Түркия - Латвияның өте маңызды серігі

Латвия Сыртқы істер министрлігі Түркияның өте маңызды серік екенін білдірді.

Латвия Сыртқы істер министрлігі бір хабарлама жариялап,  Түркия мен Латвия арасындағы байланыстың жоғары деңгейде екенін білдірді.

Хабарламада: «Екі ел арасында мәдениет,  білім беру,  қорғаныс, қауіпсіздік және түрлі салада ынтымақтастық бар. Түркия – Латвия үшін өте маңызды серік.  Латвия Түркияның НАТО аясындағы ынтымақтастығына және Түркияның Латвияның Кеңес Одағы басқыншылығын ешқашан қабылдамауына шынайы түрде риза» деп айтылды.

Осы арада Латвияның Түркиядағы өкілетті елшіcі болып Петерс Карлис тағайындалды. Латвия президенті жаңа елшіні қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар