Вице-премьер FETÖ жайлы сұрақтарға жауап қайтарды

Вице-премьер Нуман Куртулмуш тікелей эфирде сұрақтарға жауап қайтарды.

553626
Вице-премьер FETÖ жайлы сұрақтарға жауап қайтарды

Вице-премьер Нуман Куртулмуш Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымы (FETÖ/PDY) төңкеріс әрекетінің міндетті түрде саяси тармағы да болу керектігін атап айтты.

Куртулмуш арнайы бір телеканалға берген сұхбатында «Міндетті түрде бұл төңкерістің саяси байланысы да болуы керек. Түркияның саяси тәжірибесі мұны көрсетеді. Кім немесе не екені біздің жұмысымыз емес. Біз саясат ретінде мұны анықтаймыз» деді.

15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан қауіптің толығымен жойылып жойылмағаны жайлы бір сұраққа Куртулмуш «Қауіпті қалай түсінгенімізбен байланысты. Қарулы бір әрекет ретінде Түрік қарулы күштерінің қолданылып, жаңадан бір төңкеріс әрекеті жасауы мүмкін емес» деді.

FETÖ-мен күрестің тұрақтылықпен жалғасқанын атап көрсеткен Куртулмуш бұл ұйыммен байланысы болған, әртүрлі қолдау берген баршаның жауапқа тартылатынын атап айтты.

Террор ұйымдары арасындағы байланысқа да тоқталған Куртулмуш FETÖ, ПКК және ДАИШ арасында кейбір ортақ қимылдар бар екенінің анықталғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар