Грекияға қашқан 8 әскердің қылмыстық-іс құжаттары жолданды

Түркия 8 төңкерісші әскерді қайтару үшін дайындаған қылмыстық-іс құжаттарын Грекияға жолдады.

552937
Грекияға қашқан 8 әскердің қылмыстық-іс құжаттары жолданды

Түркия Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымының (FETÖ/PDY) 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан тікұшақпен Грекияға қашқан 8 төңкерісші әскерді кері қайтару үшін дайындаған қылмыстық-іс құжаттарын жолдады.

Әділет министрлігі Құқықтық және сыртқы байланыстар дирекциясы Грекия мен Түркия арасында жасалған «Қылмыскерлерді ұстап беру туралы конвенция» реттеулері аясында 8 төңкерісші әскердің кері қайтарылуына қатысты қылмыстық-іс құжаттарын дайындады.

Әділет министрлігі тарапынан Сыртқы істер министрлігіне жолданған құжаттар Грекияға жеткізілді.

Стамбұл Республика прокуратурасы тарапынан дайындалған кері қайтару талабында 2016 жылы 16 шілде күні Грекияның Александруполис әуежайына қонған Түрік қарулы күштеріне тиесілі Sikorsky S70 Hawk S/N 11308 марка мен тіркеулі тікұшақтағы аттары мен шендері белгілі 8 әскери қызметкер «күш қолданып атазаңды бұзу», «президентке қастандық әрекеті», «Заң шығару органына және үкіметке қарсы қылмыс жасау» мен «қарумен бірден көп адамға шабуылдау» айыптарымен кері қайтарылуы талап етілді.

Төңкеріс әрекетінің артынан Грекияға қашқан 8 төңкерісші әскер Грекияда заңсыз ұшу және елге заңсыз түрде кіру қылмыстарынан сотталған болатын.

Александруполис қылмыстық соты 8 төңкерісшінің әрқайсына екі айға бас бостандығынан айыру жазасы берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар