Жоғары деңгейдегі ресми байланыстар

Түркия төңкеріс жасау әрекетіне байланысты ресми байланыстарын жалғастыруда.

552118
Жоғары деңгейдегі ресми байланыстар

Түркия төңкеріс жасау әрекетіне байланысты ресми байланыстарын жалғастыруда.

Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет парақшасында жарияланған дерекке қарағанда Түркия бүгінге дейін жоғары деңгейде  6 мың 382 ресми байланыс жүргізді.

15 шілде күнінен бері президенттік деңгейде 36, премьер-министрлік деңгейінде 42, министр деңгейінде 234, депутат деңгейінде 696,  басқа да жоғары деңгейде 5 мың 374 ресми байланыс жүргізілді.  Осы аяда жоғары деңгейдегі байланыс саны 6 мың 382-ге жетті.

Аталмыш күннен бері шетелдегі өкілеттіктерде де Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымның қаупі түсіндірілді.

Шетелдегі өкілеттіктер тарапынан қазірге дейін 1657 жазбаша және көріністі сұхбат беріліп, 174 рет баспасөз хабарламасы жасалды.

Сонымен бірге Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс жасау әрекетін баяндаған 403 мақала мен хат жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар