Іздеу салынған қашқын әскерлер ұсталды

15 шілде күнгі төңкеріс әрекетіне қатысы бар полковник Неби Газнели және полковник Мүслүм Кая Конияда ұсталды.

552128
Іздеу салынған қашқын әскерлер ұсталды

Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымының (FETÖ/PDY) 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетіне қатысты тергеу аясында іздеу салынған және қашып жүрген полковник Неби Газнели және полковник Мүслүм Кая Конияда ұсталды.

Қашқын әскерлердің Конияда екенін анықтаған соң қозғалған полиция топтары Газнели мен Каяны Селчуклу ауданының Языр аумағында жалдап алынған бір үйде ұстады.

Күдіктілер 2 күннен бері Конияда екендерін Стамбұлға барып, сол жерден Мысырға қашуды жоспарлағандарын айтты.

Күдіктілердің ТРТ басқыны мен Стамбұл Боғазичи көпірінде халықты атуға тапсырма бергені алға тартылып отыр.



Ұқсас жаңалықтар