Ердоған Путинмен кездеседі

Президент Ердоған Ресей президенті Путинмен орыс ұшағы құлатылғаннан кейін бірінші рет бас қосады.

547910
Ердоған Путинмен кездеседі

Президент Режеп Тайып Ердоған 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекетінен кейін шетелге бірінші сапарын бүгін Ресейге ұйымдастырады.

Президент Ердоған Ресей президенті Путинмен орыс ұшағы құлатылғаннан кейін бірінші рет бас қосады.

Екі басшы Санкт-Петербургте кездеседі.

Президенттер алдымен түскі сағат 13-те кездеседі.  Артынан делегация аралық кездесу болады.

Сағат 16 болғанда Ердоған мен Путин бірлескен баспасөз жиналысында камералардың алдына шығады.

Жиналыстан кейін түрік және орыс басшылар екі елдің іскерлеріне үн қатады.



Ұқсас жаңалықтар