Министр Чавушоғлу Араб Туризм Одағы төрағасын қабылдады

Қабылдауда «Араб туризм ауылы» жобасы егжей-тегжейлі қолға алынды.

544566
Министр Чавушоғлу Араб Туризм Одағы төрағасын қабылдады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Араб Туризм Одағы төрағасы Бандар ибн-Фахд Әл-Фухаидті Сыртқы істер министрлігі ғимаратында қабылдады.

Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда қабылдауда одақ басшылығында Түркияға құрылуы жоспарланған «Араб туризм ауылы» жобасы жайлы егжей-тегжейлі көзқарас алмасылды.

Чавушоғлу кездесуде сондай-ақ Әл-Фуаидке Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымының (FETÖ/PDY) 15 шілдедегі төңкеріс әрекеті мен кейінгі жаңалықтарды түсіндірді.

Әл-Фухаид болса FETÖ/PDY-нің 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан Түркиядағы демократия мен сайланған үкіметке қолдауын қайталады.



Ұқсас жаңалықтар