Венгрия Түркия басқан қадамдарды қолдайды

Венгрия Сыртқы сауда және сыртқы істер министрі Питер Сийярто мәлімдеме жасады.

543990
Венгрия Түркия басқан қадамдарды қолдайды

Венгрия Түркияда 15 шілде күні төңкеріс әрекетін жасаған Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымымен (FETÖ/PDY) күресті қолдайды.

Венгрия Сыртқы сауда және сыртқы істер министрі Питер Сийярто «Түрік үкіметінің төңкеріс әрекетінің артынан басқан қадамдарын қолдаймыз. Әскери төңкеріс аса маңызды бір оқиға және бұған маңызды жауап қайтару керек» деді.

Сийярто Венгриядағы "Index" хабар агенттігінің интернет парақшасына мәлімдеме жасады.

Демократиялық сайлаумен билікке келген түрік үкіметінің әскери төңкеріс әрекетіне қатысқандарды ортаға шығару талпынысын қолдағанын атап айтқан Сийярто Түркияда антидемократиялық қадамдар басылғаны жайлы қауесеттерді қолдамағанын білдірді.

Түркиядағы оқиғаларды жақын қадағалағандарын атап айтқан Сийярто «Түркия Сыртқы істер министрі (Мевлүт Чавушоғлу) менің досым және жақсы байланысымыз бар. Төңкеріс әрекеті кезінде Моғолстан сапарынан оралып жатыр едім. Әуежайға қона салып, оған телефон шалдым. Тек қана ресми тұрғыдан емес, әсіресе бір дос ретінде жағдайын білгім келді. Жарты сағаттан кейін маған өзі телефон шалып, резиденциясының тікұшақтармен шабуылданғанын дегенмен өзінің жақсы екенін айтты. Сол күннен кейін де онымен бірнеше рет әңгімелестім» деді.



Ұқсас жаңалықтар